128
Даналық ойдан дән ізде
аят келтірілген сүренің өзі «Шура», яғни «ақылдасу»
деп аталуы да тегін емес.
Сондай-ақ Алла тағала Мұхаммед пайғамбарымызға
(с.ғ.с.): «...
кешірімді бол және олар үшін (Алладан)
жарылқау тіле, істеріңді олармен ақылдас
» деп
бұйырғаны да бар («Әли-Имран» сүресі, 159-аят).
Сондықтан кеңесіп тірлік жасаудың тамаша үлгісін
Алла елшісі (с.ғ.с.) өз өмірінде көрсетіп берді. Ол Алла-
дан уахи түскен жағдайда оны бұлжытпай орындайтын
да, ал Алладан пәрмен келмеген өзге жағдайлардың
бәрінде қасындағы сахабаларымен ақылдасып отырған.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында ең көп бірге
болған сахабалардың бірі Әбу Хұрайра: «Мен өз до-
старымен пайғамбарымыздан артық ақылдасатын жан
көрген емеспін» дейді. Мәселен, Алла елшісінің Бәдір,
Хандақ шайқастарында қолданатын айла-тәсілдер жай-
лы ақылдаса келе, өзінің емес, сахабаларының пікірін
қабыл еткен жағдайы Ислам тарихында белгілі.
Енді ойлап қарасақ, адамзат баласының ең пара-
саттысы, ең кемеңгері әрі Алланың жер бетіндегі ең
сүйікті құлы бола тұрып, пайғамбарымыз істерін үйінде
отбасымен, түзде жолдастарымен ақылдасып атқарған.
Сондықтан әрбір мұсылман әр жағдайын өзгелермен
ақылдасуы керек. Исламда өзімбілемдікке орын жоқ.
Ақылдасқан адам берекеге кенелсе, кеңессіз жұмыс
істегендер әйтеуір бір тығырыққа тірелері сөзсіз. Ен-
деше, жігіттер үйленер кезінде, қыздар тұрмыс құрар
кезінде ата-аналарымен, білімді, тәжірибелі достарымен
келешек өмірлік серіктері жайлы ақылдасып алғандары
жөн. Шаңырақ көтерген үйдің әрбір ісі ақылдасумен
жүзеге асса, отбасының да, елдің де ынтымағы артар
еді. Өйткені ақылдасуда береке болады, қате шешімдер