Previous Page  131 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 192 Next Page
Page Background

131

Бақыт – жүректе

Бақытты ғұмыр кешу – Адам атадан бергі адамзаттың

бас қатырып, сансырап іздеген арманы. Бақыт туралы

қалам сүйкемеген, сансыз түн толғанбаған ғалымдар

кемде-кем. Шынайы бақыт иманды жүректе ұялайтынын

ескерсек, жүрек байлығына отбасы бақыты тұрғысынан

тоқталудың жөні бөлек. Отбасы мүшелерінің иманмен

егіз болуы – шаттыққа толы өмірдің кепілі. Отбасында

ер адамның қадірлі әке болуына, әйел кісінің аяулы ана

болуына қажетті ұят пен тазалық, рақым мен әділет деп

аталатын құндылықтар да иманмен, жүрекпен тамырлас

екендігі даусыз.

Алла тағала қасиетті Құран кәрімде «

Иманда-

рына иман қосу үшін Алла мүминдердің жүрегіне

тыныштық ұялатты

» деген («Фатх» сүресі, 4-аят).

Аятта иманның күшейіп толығуы жүрек тыныштығымен

байланыстырылған. Абай атамыз қара сөздерінің

бірінде: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола

ма?» дей келе, «рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі

істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай

оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Асықтық

та жүректің ісі» деп топшылайды. Қазақтың «Жан

тыныштығы ғұмырды ұзартар» деген мақалының аста-

рында осы ұғым жатса керек.

Ілгеріде америкалық бір ғалым жұрттың бәрі бақыт

санайтын өмірдің бірқатар ізгіліктерін қағазға тізіп

шығыпты. Бұл тізімде денсаулық пен сүйіспеншілік,

қабілет пен байлық және атақ-даңқ – бәрі қамтылған