Previous Page  126 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 192 Next Page
Page Background

126

Даналық ойдан дән ізде

Біріншіден, Үммү Сүләйм хақ дін Исламды дұрыс

түсініп, оған жан-тәнімен берілді. Сол кездегі қоғамдық

кеселдерден бойын аулақ ұстады.

Екіншіден, сөз сала келген Әбу Талхаға қысқа ғана

тіл қатып, екі дүниелік мәні бар сабақ берді. Күйеуге

шығатын адамының мұсылман болуы өте маңызды

екендігін ісімен дәлелдеді. Бұл бүгінгі таңда өмірлік

серігінің дініне де, иманына да, тегіне де қарамай үйлене

салам дейтіндерге де үлкен өнеге.

Үшіншіден, Аллаға және ақырет әлеміне деген

иманының кәмілдігі сонша өзінің бауыр еті бала-

сы жан тапсырғанда, оның белгісіз бір жаққа емес,

Жаратушысының құзырына кеткендігіне кәміл иманын

ісімен дәлелдеп берді.

Төртіншіден, баласы дүниеден озып отырған ауыр

жағдайға қарамай, күйеуінің тамағын дайындап, оның

бар қызметін атқарды.

Бесіншіден, босанар шағы таяп тұрғанына қарамай,

Алла елшісімен бірге соғысқа шықты.

Алтыншыдан, отбасында бала тәрбиесіне көп көңіл

бөлді. Тоғыз баласының Құран хафызы болуына мол

септігін тигізді.

Жетіншіден, баланы тәрбиелегенде, қара

басының қамын ойлауға емес, Алланың дініне бекем,

Пайғамбардың сырына берік болуды тапсырды.

Осынау үлгілі өмірдің өнегесі барша нәзікжанды

аруларымызға ғибрат болғай!