Previous Page  125 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 192 Next Page
Page Background

125

Отбасы шаттығы

алды» деді. Күйеуі: «

Бәріміз Алладан келдік, түбінде

Аллаға қайтамыз

» деп дұға етті. Сөйтіп мешітке барып

таң намазын оқыды да, ардақты пайғамбарымызға келіп

болған жағдайлардың бәрін түп-түгел жеткізді. Сон-

да Алла елшісі (с.ғ.с.): «

Бұл түн сендер үшін мүбәрак

болғай

» деп дұға жасады. Бір күні Үммү Сүләйм

пайғамбарымызбен бірге Хунейн соғысына қатысып,

қолынан келгенше жәрдем беріп жүргенінде толғақ

қысып, әлгі берекелі түні көтерген Абдулла деген ұлын

босанады. Әбу Талханың тоғыз ұлы болып, тоғызы да

Құран кәрімді жатқа білетін ғалым боп өседі. Әрине,

бұл істе де Үммү Сүләймнің еңбегі аз емес еді.

Ал үлкен ұлдары Әнас 12 жасқа толғанда, Әбу Тал-

ха мен Үммү Сүләйм оны сүйікті пайғамбарымыздың

тәрбиесіне береді: «Уа, Алланың елшісі, біздің ұлымыз

Әнас өте тәрбиелі, зерек бала. Ол енді бізге ұл, сізге

қызметші болсын» дейді. Осылайша, Әнас ибн Мәлик

пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірден озғанша қасында жүріп

қызмет етеді.

Бірде Алла елшісі оны бір жерге жұмсайды да, үйіне

тым кеш оралады. Сонда анасы: «Балам, неге тым кеш

келдің?» деп сұраулы жүзбен қарағанда: «Алла елшісі

бір жерге жұмсап еді» деді де қойды. «Қайда» деп сұрап

еді, «Ол жағы сыр» деп жауап қайырды. Сонда анасы:

«Расулалланың сырларына өте бекем бол! Тіс жарып

қойып жүрме» деп пысықтап қойды.

Міне, қарап отырсақ, Үммү Сүләймнің өмірі тұнып

тұрған ғибрат. Бұл айтылғандардан әркім өзіне керек

маржанды теріп алды деп ойлаймыз. Сонда да кейбір

маңызды тұстарына тоқтала кетпекпіз.