Previous Page  124 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 192 Next Page
Page Background

124

Даналық ойдан дән ізде

тамен шауып пұт жасайды. Қайдағы бір қу тақтайға

тәңірім деп сыйынғаның ұят емес пе?» Үммү Сүләймнің

жүректен шыққан тебіреністі сөздері Әбу Талханың

жүрегіне үлкен ой салып, тұрған жерінде қатты да

қалды. Үммү Сүләйм сөзін жалғастырып: «Әй, Әбу Тал-

ха, сен Алладан өзге ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед оның

құлы, әрі елшісі екеніне иман келтіріп, содан соң мен

саған тұрмысқа шықсам болмас па еді? Тіпті ол үшін

сенен қалың мал (мәһр) да сұрамайын» деп мәселені

бір-ақ түйді.

Әбу Талха айтылған сөздер мен ұсынысты ой

елегіне салып саралау үшін уақыт сұрады да кері

бұрылып кетіп қалды. Аз уақыттан соң қайта келіп:

«Сенің айтқаныңды қабыл еттім: «Әшһәду әллә иләһа

иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа

расулуһу» деп мұсылмандық куәлігін айтты. Осылайша

олар шаңырақ көтерді. Әбу Талхадан Әбу Умайр деген

ұл туды. Бірде перзенттері қатты науқасқа ұшырып,

ақырында қайтыс болды. Үйде күйеуі жоқ еді. Ана-

сы баласын жуындырып, кебіндеп үйдің бір шетіне

жатқызып қойды. Күйеуі келіп: «Бала қалай болды?»

деп еді: «Бұрынғыдан жақсырақ» деп жауап қайырды.

Сөйтіп Үммү Сүләйм ораза ұстаған күйеуіне ас дай-

ындады. Жақсылап сәнденіп, күйеуіне барынша әдемі

көрінуге тырысты. Түн қараңғысы болғанда, екеуі

төсектеріне жатты. Түннің соңына таяғанда, күйеуі

мешітке барайын деп тұра бергенде, әйелі: «Әбу Талха,

мына көршілеріміз бізден аманат деп бір нәрсе алып еді,

соны қайтып алсам, жылап қоя берді. Сонысы қалай?»

деп сұрады. Әбу Талха: «Ол жарамайды ғой, онысы

несі?» дегені сол екен әйелі сөз орайынан пайдаланып:

«Ендеше, Алла тағала да бізге берген аманатын қайтып