Previous Page  119 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 192 Next Page
Page Background

119

Отбасы шаттығы

кім үйретеді? Міне, осы секілді мыңдаған маңызды

сұрақтар өз жауабын отбасында табуы тиіс.

Тамақтың тоқ, киімнің көк болуы адамдықтың

өлшемі емес. Бүгінгі қоғамда отағасылардан әкенің

бала-шағасының алдында қандай міндеттері бар деп

сұрасақ, ең алдымен тамақ пен киім аталатыны неліктен?

Адам жүрегі иман, ұят, сүйіспеншілік, мейірім,

қайырым, туралық, ықылас деген секілді ислами-

рухани құндылықтарға толмаса, онда ол жүректің

иесінен шын адамшылық қылықтар шықпайды. Міне,

бұл аталғандарды да бүгінгі қоғамымыздағы отбасылық

түйткілдер қатарына қоспасқа шарамыз жоқ. Бұл

мәселелердің бәрі де түптеп келгенде, тиісті ғылым-

білімнің таяздығынан туындайтыны даусыз. Сондықтан

Ислам дінінде мұсылман еркектерге де, мұсылман

әйелдерге де білім іздену парыз. Білім болмаса, өмірде

мән жоқ. Білім-ғылымға көңіл бөлінбеген соң отбасы-

ларда да бақытты күндер азая береді.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде

былай деген: «

Білім мен хикмет адамның қадіріне қадір

қосары сонша, құлды сұлтан деңгейіне жеткенше

жоғарылатады

». Білімнің бұл дүниедегі жемісі Ис-

ламда осылай білдірілген. Сондай-ақ: «

Үмбетімде екі

түрлі топ бар. Олар дұрысталса, бәрі де дұрысталады.

Олар бұзылса, бәрі де бұзылады. Олар: басшылар

мен білім иелері

» деген де хадис бар. Ал Исламнан

қанағатшылдықты үйренген көңілі тоқ жандар еліне,

жұртына, дініне аянбай қызмет ететіні анық.

Кезінде хазірет Әли шәкірті Құмайлға былай деп

кеңес беріпті: «Байлықтан ғылым қайырлы. Өйткені

ғылым-білім сені қорғайды, ал сен дүние байлығыңды

қорғайсың».