116
Даналық ойдан дән ізде
ғайбаттары күйеуіне жүк болады. Бұл, әрине, жеңіл іс
емес. Бұл жақта әйел күйеуінің айтқанына әрі кетсе жүз
жыл шыдар. Ал арғы дүниеде мәңгілік өмір сарапқа
салынады. Бұл дүниеде қазір қаншама әйел ештеңе ой-
ламай, қамсыз күн кешуде. Дүкендегі ең әдемі киімді
алса, ең тәтті тамақты ішсе, ең қызық сериалды көрсе,
ұйқысы қанық, жүйкесі тыныш болса, айтқанының бәрі
бола берсе, түске дейін дүкен, түнге дейін кафе аралап
жүрсе, бұл дүниенің қызығы сол деп ойлауы мүмкін. Ал
енді осындай істерінің бәрі үшін ертең Алланың алдын-
да оның бейшара күйеуі жауап береді. Міне, мәселеге
осы тұрғыдан келу керек. Сондықтан бұл дүниеде
күйеуінің орынды-орынсыз, білместікпен аңдаусыз
жасаған дөрекілігіне, істеріне әйел шыдауы керек. Тіпті
пайғамбарымыз бір хадисінде: «
Егер адамның адамға
сәжде жасауына рұқсат етілсе, мен әйелдің күйеуіне
сәжде етуін бұйырар едім
» деген.
Бір кісі пайғамбарымызға келіп былай деді: «
Уа,
Алланың елшісі, менің әйелім бар. Үйге кірсем, ал-
дымнан шығып қарсы алады. Шығар болсам, шын
пейілмен шығарып салады. Көңілімнің құлазығанын
көріп қалса маған: «Неге көңіліңіз түсіп кетті? Рызық-
несібемізді уайымдап отырсаңыз, оған сіз емес, басқа
жауап береді ғой. (яғни рызық-несібеміз Алладан ғой).
Егер ақырет жағдайын ойланып отырсаңыз, Алла
уайымыңызды арттырсын» дейді. Бұған не айта-
сыз?»
. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «
Әйеліңнен сүйінші
сұра. Ол – жаннаттық. Оған айт: «Сен Алланың
қызметшілерінің бірісің, саған әр күн сайын Алла жо-
лында жан тапсырған жетпіс шейіттің сауабы жа-
зылып тұрады
» деп жауап берген екен. Міне, көрдіңіз
бе, әйел үшін жұмаққа кіру оп-оңай. Бірақ, өкінішке