Previous Page  111 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 192 Next Page
Page Background

111

Отбасы шаттығы

ретінде рызық-несібенің кешігуі ықтимал. Бір құлдың

ішер асы бір күн кешіксе, оның қандай мінез танытаты-

ны да өмірлік сынақ тұрғысынан алғанда өте маңызды.

Мәселен, біреу бір күн аш қалса, Құдайға тіл тигізіп

шығады. Ал екінші біреу: «Е, Алла, бұл да мен үшін

сынақ екенін білемін. Мені сабырлылар қатарына қоса

гөр» деп дұға жасайды.

Хадистегі үшінші бір маңызды мәселе несібемізді

адал жолмен іздеу. Хадисте «Алладан қорқыңдар!» де-

ген бұйрық бекер айтылмаған. Алладан қорықпасақ,

рызық терудің жөні осы екен деп, адал-арамдығына

қарамай, дүние табудың соңына түсіп кетуіміз ғажап

емес. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермейтін шайтан

іске кірісіп, алдап-арбап халықтың ақысын жегізеді,

біреудің көз жасына қалдырады, біреудің мүлкін тартып

алғызады, мың тарау харам жолға сүйрелейді.

Бұл айтылғандар арам жолдан сақтану үшін қол

қусырып қарап отырсын деген сөз емес. Ардақты

елшінің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай делінген: «

Кейбір

күнәлі істер бар, оларға адал жолмен мал табудың

қам-қайғысы мен қиындықтары ғана өтем бола ала-

ды

». Сондай-ақ тағы бір хадисте: «

Сендердің біреулерің

қолына арқан алып, отын арқалап, оны сатып күн

көруі Алланың рызық берген құлдарына барып алақан

жаюынан әлдеқайда қайырлы

» деп айтылады. Біреудің

жұмысын жасап беріп пұл табуды бойына ар-намыс са-

нап тәкаппарланғандар үшін үйіндегі отбасы мен бала-

шағасының көздерін жәутеңдетіп, әркімге телміртіп

қойғаннан гөрі кез келген кәсіпті жасап, олардың

қажеттілігін тауып беру әлдеқайда қайырлы.

Тағы бір хадисте: «

Кімде-кім өзі үшін қайыр

сұраудың бір есігін ашса, Алла тағала оған кедейліктің