Previous Page  110 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 192 Next Page
Page Background

110

Отбасын асырау – міндетіміз

Ер адамның мойнына жүктелген діни міндеттердің

бірі – отбасын, бала-шағасын адал жолмен бағып-қағып,

асырау. Отбасындағы көптеген түйткілдер ер кісінің

осы жүкке дұрыс көңіл бөлмегенінен басталатыны жа-

сырын емес.

Дүниеге адам болып туылған ешбір пенде Алланың

тағдырына жазған рызық-несібесін ішіп-жеп тауыспай,

арғы дүниеге аттанбайды. Бірде ардақты пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) айналасында жиналып отырған сахабалары-

на былай деді: «

Сендерді жаннатқа жуықтатын,

тозақтан алшақтатын не білсем, бәрін де сендерге

істеуге бұйырдым. Сондай-ақ жаннаттан алыста-

тып, тозаққа жақындататын не білсем, бәрінен де

сендерді тыйдым. Жәбірейіл періште менің жүрегіме

былай деп уахи етті: кез келген өзекті жанның бұл

дүниедегі несібесі таусылмайынша қайтыс болмайды.

Рызық- несібе кешігіп келсе де... Олай болса, Алладан

қорқыңдар! Рызық-несібелеріңді таза әрі адал жолмен

іздеңдер

» (Хадисті Ибн Масғұт жеткізген).

Рызықтың Алладан келетінін білу өте маңызды. Біз

кейде несібеміз таң атқаннан кешке дейін жүгіргенімізге,

білімімізге, пысықтығымызға, айла-қулығымызға бай-

ланысты деп ойлауымыз мүмкін. Шындығында, олай

емес. Әрине, адамның еңбегіне қарай өнбегі болатыны

рас. Алайда түптеп келгенде, әр күн сайын бір табақ

астың әр адамның асқазанына түскенге дейінгі бүкіл

себептерді жаратушы Алла тағала. Ешкім дәм-тұзы

таусылмайынша өмірден озбайды. Бірақ кейде сынақ