Previous Page  108 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 192 Next Page
Page Background

108

Даналық ойдан дән ізде

өз әйелін құлды сабағандай ұрып-соғады? Түн болғанда

сол әйелмен бір төсекте жатпай ма?

»

Қорқытып-үркіту арқылы адам еш уақытта

түзелмейді. Керісінше, көп еститін ұрысқа еті өлген

әйел күйеуін мүлдем елемей де қоюы ықтимал.

Әйел тәрбиесі ақылмен, хикметпен, мейіріммен

жүзеге асады. Дініміздің де негізгі тәлімі осы. Мәселенің

бір ұшығын алып қарасақ, біз әрбір күнә жасаған сайын

төбемізден ұрып отыратын бір періште жіберуге Алла

тағаланың құдіреті жетеді. Бірақ олай еткен жоқ. Ис-

ламды мейірім діні етіп, Мұхаммед Мұстафаны (с.ғ.с.)

мейірім пайғамбары етіп жіберді. Ендеше, әр отбасын-

да мейірім мен өзара құрметтің орын алғаны өте-мөте

қажет.

Ардақты пайғамбарымыз жер бетіндегі ең ұлы

тәлімгер саналады. Оның тәрбиелеп шығарған адамда-

ры жер былай тұрсын, көк әлемінің шоқ жұлдыздарына

айналды. Айша анамыз өзінше бір әлем де, хазірет

Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әлилер бір-бір әлем.

Пайғамбарымыздың сүйікті қызы Фатима да, немерелері

Хасан мен Хүсейін де айрықша бір төбе. Олардың

әрқайсысын жеке-жеке даралайтынымыз – олардың

сүріп өткен өміріне, артына қалдырған мұрасына, өшпес,

өлмес үлгі-өнегелеріне байланысты. Мәселен, белгілі бір

қажеттілікке байланысты садақа жинауға тура келгенде,

хазірет Осман бес жүз түйені жүгімен ортаға әкеліп

берді. Қазір кімнің қолынан мұндай жомарттық келеді?

Пайғамбарымыз сахабаларын осылай тәрбиелегенде,

оларды ұрып-соққан ба еді? Әрине, жоқ. Дәл сол секілді

әйелін дұрыстап тәрбиелегісі келген ер Ислам дінінің

құндылықтарын түсіндіруі керек.