113
Отбасы шаттығы
келсе, мен үшін одан артық, одан сүйкімді өлім жоқ»
деген. Бала-шаға асыраудың бұл дүние былай тұрсын,
арғы өмірдегі маңызын көрдіңіз бе? Алланың алдына
барғанда «отбасын асырап жүргенде жан тапсырды»
деген куәлікке қауышудың маңызы осындай, ағайын!.
Бір күні Ибраһим Адхам деген ғұлама дінді
жаю мақсатында кемеге мініп, теңізге шыққаны сол
екен, қарсы алдарынан дауыл тұрып, теңіз толқыны
күрт күшейіп кетеді. Сонда қасындағылар: «Алды-
мыздан жел тұрып жағдайдың ауыр болып кеткенін
көрмейсіз бе?» дейді. Сонда Ибраһим Адхам: «Бұл
қиындық қиындық па? Қиындықтың ең ауыры елге
мұқтаж болу» деген екен. Ендеше, құрметті бауыр-
лар! Өзімізді де, бізге қарап отырған отбасымызды да
жұртқа жалтақтатпай, көңілдерін тоқ қылып асырау
баршамыздың мұсылмандық міндетіміз. Алла тағала
отбасымызға бір түйір арам ас жегізбей, адал жолмен
асырауды нәсіп етсін. Ақыретте отағасылық міндеттерін
ең дұрыс атқарғандардың қатарына қоссын!