Previous Page  118 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 192 Next Page
Page Background

118

Отбасы – ғылым-білім ошағы

Отбасы− бүкіл қоғамның еңшағын бөлігі. Отбасында

болып жатқан жағдайлар қоғам өміріне әсер етеді. Олай

болса, білімді әрі жан-жақты жетілген, рухани қуатты

қоғам қалыптастырғымыз келсе, оның іргетасын мектеп,

университеттерден бұрын отбасына орнатуымыз қажет.

Жас жеткіншек өз отбасында ғылым-білімнің алғашқы

негіздерін үйренбесе, онда оның сырттан алған білімі

жай бір топырақ үстіне қалана салған кірпіштей ғана

болары анық. Бұл жағынан алғанда, әр адамның үйі тек

тамақ ішіп дем алатын асхана, кино көретін видеосалон

немесе жуынып-шайынатын монша ғана емес, сонымен

қатар білім ізденіп, руханиятымызды қалыптастыратын

рухани медресе де болуға тиіс. Әр үйде күн сайын

иманға қатысты кітаптар оқылып, белгілі бір сабақтар

жүргізілмесе, онда ол үйдің мүшелері жүрек қоймасын

ешбір мектепте немесе жоғарғы оқу орнында толтыра

алмасы хақ. Ұл-қызымыз жеті жасқа толғанында, мек-

тепке берсек, мұғалімдер перзенттерімізді тәрбиелеп

береді деген түсінік өте қатерлі. Мектеп мұғалімдері

әліппе мен дүниетанымды үйретіп, есеп шығарудың

заңдылықтарын меңгертуге бар күшін салады. Алайда

балиғат жасына толған соң, перзенттеріміздің мойны-

на жүктелетін мұсылмандық міндеттерді кім үйретеді?

Иман-сенімнің, ораза-намаздың мән-маңызын,

қалыңдық таңдап, отбасын құрудың заңдылықтарын,

рухани дүниесіндегі көркем мінез бен жеккөрінішті

қылықтардың салмағын, туыстық қатынас, көрші ақысы,

ата-ана қызметі, ерлі-зайыптылардың өзара міндеттерін