122
Әйел тұлғаның өмірінен өнеге
Ислам түсінігінде отбасы жан-жақты жетілген
мұсылман бала-шаға тәрбиелейтін мектеп болып санала-
ды. Тарихқа көз жүгіртсек, адамзатқа әйгілі тұлғалардың
қалыптасуына ең алдымен отбасының әсері болғанын
байқаймыз. Әріге бармай-ақ Абай атамыздың ұлы
тұлға болып қалыптасуына әкесі Құнанбай мен анасы
Ұлжанның тигізген үлесі аз болмаған. Құнанбайдың
өз баласына «Ибраһим» деп әйгілі пайғамбардың атын
қоюы, есін біле сала Алланы танып, дінін үйренсін деп
медресеге беруі, ел билеу ісіне араластырып отыруы,
қажет кездерде оңаша шақырып алып ақыл-кеңес
беруі баласының келешегінен көп үміт күткендігін
көрсетеді. Анасы Ұлжанның да бала тәрбиесіне қатысты
әрбір мүмкіндікті қалт жібермей дұрыс пайдаланып
отырғаны мәлім. Ал Құнанбайды болса, Зере әжеміз
дәретсіз емізбегені мәлім. Мұның бәрі де асыл дініміз
Исламның талаптары мен тәліміне немкетті қарамаудың
көріністері.
Сөзіміз дәйекті болуы үшін бүгінгі сұхбатта әйгілі
әйел сахабалардың бірі Үммү Сүләймнің өмірі жайлы
аз-кем әңгіме қозғаймыз.
Пайғамбарлар сұлтаны (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған
жәннатқа кіргенім көрсетілді. Сонда ол жерден Әбу
Талханың әйелі Үммү Сүләймді көрдім» дейді.
Үммү Сүләйм мұсылмандықты қабылдағанда, Ис-
лам діні Мекке қаласында енді-енді жайыла бастаған
шақ болатын. Үммү Сүләйм күйеуіне мұсылмандықты
қабыл етіп, Аллаға бойсұнғанын білдіргенде, күйеуі