121
Отбасы шаттығы
екендігін көрсетеді. Егер еліміздегі әр үйде ертелі-кеш
имани сабақтар жүргізіліп отырса, онда көп кешікпей
мемлекетіміздің барлық саласында даму, өркендеудің
нышандары тайға таңба басқандай көрінеді.
Сәли ибн әл-Жағидтың мынадай естелігі бар:
«Қожайыным мені құлдықта жүрген жерімнен үш жүз
дирхамға сатып алды да, басыма азаттық беріп, босатып
жіберді. Мойнымнан құлдық қамыты сыпырылған соң
енді ары қарай не істеймін, немен айналысамын деп ой-
ладым. Ақыры ғылыммен шұғылдануға бел байладым.
Арадан бір жыл өтпей өзім тұрып жатқан қаланың әкімі
маған қонаққа келді. Алайда қолым босамағандықтан
оны қабылдай алмадым. Әкім кері қайтты». Міне,
бір жылдың ішінде қарапайым бір адамның жеткен
жетістігі.
Бұлардың бәрінен де маңыздысы, әр адам Алла
тағаланың алдына барғанда, өз бала-шағасына қандай
тәрбие, қандай білім бергені жайлы жауапқа тартыла-
тын болады. Сол кезде сайраған қызыл тіліміз ұялшақ
бір қыздың кейпіне түспегей!