117
Отбасы шаттығы
қарай осының өзін дұрыс атқармайтын қаншама әйел
бар. Күйеуін ашуландырады, көңілін қалдырады, аузына
келген сөзді айта салады. «Сен осы не білесің? Бұл іске
сен араласпашы» деп бетінен алатындарын қайтерсің.
Алла сақтасын, мұндай әйелдердің Алла құзырындағы
жағдайын ойлаудың өзі қорқынышты. Тағы бір хади-
сте былай делінген: «
Қайсыбір әйел күйеуіне тілімен
зиян келтірсе, онда қайтып көңілін тауып риза еткенге
дейін оның Алла жолында жұмсағандары да, өтем-
бодаулары да, жақсылықтары да қабыл етілмейді
».
Әрине, бұл насихат еліміздегі әйелдерді қорқытып,
үркіту үшін айтылған жоқ. Күйеулерінің көңілін тауып,
айтқанын орындап, өзінің әйелдік жылылығын сыйлап
жүріп, бұл дүниеде де, арғы өмірде де бақыт құшағында
шалқыса екен деген ниет қана. Ал ер адамдардың
өмірлік қосақтарына қатысты атқаруға тиіс міндеттері
өз алдына бөлек айтылатын үлкен әңгіме.