Previous Page  112 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 192 Next Page
Page Background

112

Даналық ойдан дән ізде

жетпіс есігін ашады»

делінген. Аяқ-қолың сау бола

тұра, денсаулығың жарап тұрып, біреуге барып алақан

жаю қандай өкінішті. Айналамыздағы өз еңбегімен

дәулет жинаған кіслермен бір сұхбаттассаңыз, олардың

күндіз-түні ерінбей еңбек еткеніне көзіңіз жетеді. Сол

еңбегіне қарай Алла береке берген.

Лұқман хакім кезінде өз ұлына былай деп өсиет ай-

тыпты: «Әй, балам, кедейліктен адал жолмен мал табу

арқылы сақтан. Өйткені кедейлікке ұшыраған адам үш

түрлі қиыншылыққа ұрынады:

1. Дінді ұстануы әлсірейді;

2. Ақылы мен ойлау қабілеті төмендейді;

3. Әдептілік қасиеттері кеми бастайды. Бұл

үшеуінен де қиыны, жұрт оны қор көре бастайды».

Сондай-ақ Омар ибн Хаттаб халқына:

«Ешқайсыларың еңбек етуді қойып «Уа, Алла, маған

рызық-несібе жібер» деп қарап отырмасын. Өйткені

көктен алтын-күміс жаумайтынын жақсы білесіңдер»

деп ескерткен. Ал бақшасына көшет отырғызып жатқан

Зәйд ибн Мәсламаны көргенде халифаның айтқаны

мынау болды: «Жарайсың, өте жақсы іспен айналы-

сып жатырсың. Енді ешкімге алақан жайма. Бұл дінді

ұстануыңа көп көмегін тигізеді, ал халық назарында

дәрежеңді арттырады».

Міне, қарап отырсақ, мұсылман дінінің алып

тұлғалары қалдырған бұл кеңестер еңбектің бұл

дүниедегі пайдасын да анық байқатады. Сондықтан Ибн

Мәсғұт: «Егер де бір адамның не дүниесі, не ақыреті

үшін еңбек етпей бос жүргенін көрсем, одан безіп

кеткім келеді» деген.

Әйгілі Хасан Басри: «Егер бала-шағамның

қажеттілігі үшін сауда жасап тұрған жерімде ажалым