Previous Page  107 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 192 Next Page
Page Background

107

Отбасы шаттығы

ақылы арам саналып, қор адамдай күн кешкенін қай

ата-ана қалайды? Екіншіден, әйел жер бетінде Алланың

сынағынан өтетін адамдар нәсілін көбейтудің ең негізгі

себепкерлері. Әйелсіз біздің де артымызға ұрпақ қалдыра

алмасымыз анық. Ендеше, Алланың назарында әйелдің

алар орны үлкен. Жаратушы иеміз Адам атамыздан соң

Хауа анамызды бекерге жаратпаған. Бұл кішкентай деп

қарауға болмайтын маңызды мәселелер. Сондықтан

болар, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің

бірінде былай деген: «

Сендердің ең жақсыларың –

әйелімен ең жақсы мәміледе болғандарың. Араларыңда

отбасына ең жақсы қарайтын менмін

».

Сондай-ақ «әйелді анда-санда ұрып тұрғанның пай-

дасы бар» деп кейбіреулердің ділмарситынын білеміз.

Бұл Алла тағаланың екі дүниеге қатысты заңдарынан

бейхабар, ақыретінен қорықпайтын ғапыл адамның сөзі.

Біріншіден, күштінің әлсізді қорлауы сау ақылға сый-

майды. Егер әлімжеттік жасау орынды болғанда, онда

біздің жас кезіміздегі бұзықшылықтарымыз үшін әке-

шешеміз бізді тірі қалдырмауы керек еді. Әйелге қол

көтеру − еркектің рухани осалдығы.

Әйелдің табиғатында ақылдан гөрі сезім басым

жаратылған. Сондықтан кейде сезімге беріліп қателік

жасауы мүмкін. Бұл, әрине, еркекті ашуландырады, жо-

спарлап отырған ісіне кедергі келтіреді. Алайда қанша

жерден себебі бар болғанымен, әйелге жұдырық ала

жүгіргеннің соңы неге апарады? Қатты ызаланған күні

орнынан тұрмастай етіп сабап тастап, аузымызға түскен

дөрекі сөздің бірін қалдырмай айтқанмен, ол түзеле қала

ма? Ал одан кейін сыйластықпен бірге өмір сүру мүмкін

бе? Бұл тұрғыда сүйікті пайғамбарымыздың мына бір

хадисінің тәлімі мол: «

Сендердің біреуің қандай оймен