Previous Page  103 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 192 Next Page
Page Background

103

Отбасы шаттығы

бақытты ғұмыр кешуі үшін ерлі-зайыптылар бір-бірінің

қадірін білуі маңызды. Бір күні сүйікті пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) бір топ қыз-келіншектерге: «

Сендер жақсылық

жасаушыларыңның қадірін білмей жүрмеңдер

» деп

өсиет етті. Сонда Әсмә бинт Йазидәл-Ансария: «Уа,

Алланың елшісі, жақсылық жасаушының қадірін білмеу

деген не?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «

Кейде

төмен етек иесі күйеуге шыға алмай, ата-анасының

үйінде ұзақ уақыт отырып қалады. Содан соң Алла

оған күйеу кезіктіріп, одан нәресте сүйеді. Сол әйел бір

күні күйеуіне ашуланып, оның қадірін білмей «Мен се-

нен не жақсылық көрдім» дейді. Жақсылықтың қадірін

білмеу деген осы

», – деп жауап берді. Ер адамның өз

отбасын адал жолмен асырауының, бағып-қағуының өзі

түсінген адамға Алла тағаланың үлкен нығметі. Отбасы-

на Алланың дінін үйретіп, оларға екі дүниенің бақытын

жол сілтейтін де көбінесе ер адам. Күйеудің қадірін

білмеу осы нығметтерді көрмейтін, шүкірсіздікке жа-

тады.

Ілгеріде ұстаздардың бірі аппақ қағазға бір қара

нүкте қойып, шәкірттерінен «Қағаздан не көріп

тұрсыңдар?» деп сұрапты. Сонда шәкірттері бір ауыз-

дан «Қара нүкте көріп тұрмыз» депті жапатармағай.

Сол кезде ұстаздары: «Міне, көрдіңдер ме, сендер бір

парақтағы соншама ақ жерді көрмей, кішкене ғана қара

нүктені көріп отырсыңдар» деген екен. Міне, сол секілді

әркімнің бойында мың сан жақсы қасиеттер көрініс

тапқан. Оның бір ғана нашар мінезі үшін түбегейлі жек

көріп кету адамдыққа сай емес. Сондай-ақ адамның сон-

дай биік тауларды көріп тұрған көзіне бір жапырақты

әкеп жауып қойсаң, сол кішкене ғана жапырақтан сон-

дай биік нәрсені көре алмай қалады. Ендеше, адамның