101
Отбасы шаттығы
татыны сөзсіз. Осы орайда мына бір оқиға ойға орала-
ды.
Бір адам әйелі жөнінде халифа Омарға шағым
жасағысы келеді. Алайда халифаның қақпасына
жақындап барса, халифаға жұбайы Үммү Гүлсүмнің
дауыс көтеріп жатқанын құлағы шалады. Сонда ішінен:
«Е, мен әйелім жайлы шағым жасауға келсем, бұл кісінің
басында да бар нәрсе екен ғой» деп кері бұрылады.
Сол кезде оны хазірет Омар (р.а.) көріп қалып, қайта
шақырып, неге келгенін сұрайды. Әлгі кісі: «Сізге жа-
рым туралы шағым айтайын деп келіп ем, мен көріп
жүрген нәрсе сіздің де басыңызда бар екендігін көріп
кері қайтып барам» – дейді. Сонда мүминдердің әміршісі
хазірет Омар: «Әйелімнің айтқандарына көз жұмып
қараймын. Өйткені менде оның мынадай ақылары бар
дейді:
1. Ол мені тозақ отынан алыстатады, себебі,
әйелімнің арқасында өзімді харам істерден аулақ
ұстаймын;
2. Алыс жолға шықсам, ол үйімнің қарауылы,
малымның бақташысы болады;
3. Кір-қоңымды жуатын қызметшім;
4. Бала-шағамның
қараушысы,
көзінің
қарашығындай сақтаушысы;
5. Керекті ас-суымды пісіріп береді» деді. Сонда
әлгі кісі: Бұл айтылған ақылардың бәрі менің
мойнымда да бар. Сондықтан мен де әйелімнің
кей сөздеріне көз жұма қарауым керек екен ғой»
деген екен.
Міне, бұл айтылғандар біріншіден, ер адамдарға үгіт
болғанымен, екінші жағынан әйелдер де сол міндеттерін
дұрыс орындасын деген кеңес. Майлықожа ақын осы