Previous Page  97 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 192 Next Page
Page Background

97

Отбасы шаттығы

Жылылық деген түсінік осы қасиеттермен біте

қайнасып жатады. Демек, әйелден бұл қасиеттер азая

бастаса, онда аталмыш жылылық та кеми береді де-

ген қорытынды шығарамыз. Мәселен, әйел өзінің

нәзіктігінен айырылса, жүріс-тұрысы, киім киісі, сөздері

еркекке ұқсап кетсе, онда еркекті қызықтыратын бір

қасиет өлді деген сөз. Отағасы үйге кіргенде, жұбайы

жылы сөзбен, нәзік күлкімен қарсы алмай, қатуланған

қабақ немесе немқұрайлы мінез танытса, ол әйелдің

еркек табиғатына тартымы мен сүйкімі кетеді.

Әйел теңдігі, демократия деген секілді желеумен

қазір әйелдер өз табиғаттарын өзгертіп, еркекпен бірдей

құқықты иеленгісі келеді. Тіпті еркектердің жаман

әдеттерінің өзін қазір кейбір әйелдер өздерінің бойына

сіңіруде. Темекі тарту, сыра ішу, дарақыланып күлу

секілді қылықтар әйелдерден де көрінетін болды. Оны-

сымен қоймай, отбасының тізгінін де өз қолына алғысы

келетін немесе әлдеқашан алып қойған нәзік жаратылы-

стыжандар жоқ емес. Отбасындағы берекесіздіктің үлкен

бір себебі осы. Негізінде, Алла адамды қалай жаратса,

соған разы болу мұсылманның бір сипаты. Оны өзгертем

деу тасқа балта шапқанмен тең. Еркек әйелге ұқсаймын

деп құлақ-мұрнын тестіріп, бет-аузын бояп жатса,

әйел еркекке ұқсаймын деп ерлерше киінсе, онда Алла

тағаланың жаратқан заңдылықтарынан ауытқушылық

орын алмай ма? Еркек басымен қылымсып, қыз секілді

қылық көрсетіп жүрсе, ал әйел аузынан ақ ит кіріп, көк

ит шығатын шайпау мінезге үйір боп кетсе, ондай от-

басында қандай жылылық тұрсын?

Бұл айтылған жалпы әйелге тән қасиеттер бір төбе

болғанда, олардың жүрегіндегі иман, тақуалық, Ал-

ладан қорқу сезімдері ерекше бір байлық екендігін