Previous Page  93 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 192 Next Page
Page Background

93

ОТБАСЫШАТТЫҒЫ

Отбасылық түйткілдер шаш – етектен

Барша адам бұл дүниеде жеке басы мен отбасына

қатысты ұлы сынақтан өтуде. Жеке адамға жүктелген

діни міндеттерге жеткілікті көңіл бөлінбеген соң,

бүгінгі қоғамда отбасыларға қатысты мәселелер ерекше

көбеюде. Осындай отбасылық ұрыстардың аясында бала-

шаға қараусыз, тәрбиесіз қалады. Перзенттерінің ішіп-

жеп жүргені адал ма, қандай фильмдер көріп жүр, доста-

ры кім, рухани азығын қалай алып жүр? Бала түгіл үйдегі

бір гүлдің өзі уақытылы қаралып, түбі қопсытылып, су

құйылмаса, ол да көп ұзамай шіріп кететіні белгілі. Ал

бала қараусыз қалса, онда отбасындағы рухани ұрымтал

тұстың қолдан берілгені.

Жалпы алғанда, отбасындағы әйел мен еркек, пер-

зент пен әке, ана мен бала арасында туындап жатқан

түйткілдер аз емес. Көбінесе, «бас жарылса бөрік

ішінде, қол сынса жең ішінде» дегендей жабулы қазан

жабулы күйінде қалып, шешім шығаруға жеткілікті мән

берілмей келеді.

Бұл отбасы құрылғаннан кейінгі мәселелердің бір

парасы ғана. Ал енді шаңырақ көтерілгенге дейінгі

мәселелер одан да көп. Жастардың кеш үйленуі, бала

санының азайып кетуі, өмірлік жар таңдау ісінің аса

қиындауы, карьера, қызмет, мансап мәселесінің отбасы

маңызынан да жоғары тұруы, еркектің еркек ретіндегі,