88
Даналық ойдан дән ізде
ығымен ілесіп кете бермей, дінімізді қорғап жыр
шумақтарымен өрнектеді. Бұл оның батылдығы мен
парасаттылығының белгісі. Мұнысымен шектелмей:
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнін білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін, –
деп маржан
сөздерін тізбектей түседі. Осы шумақ бүгінгі таңда
ақшаға, басқаға қызығып, өзінің ата діндерінен безіп
өзге дін қабылдап кеткен қара көздерге қамшы боп
тисе керек. Мұсылмандықты тастап, шоқынып кет-
кен қазақтар бүгінде Алланың мәңгілік қорғауындағы
өзгермеген, бүлінбеген Құранды емес, келе-келе
бұрмаланып кеткен түрлі кітаптарды киелі кітабымыз
деп ұстанып жүр. Одан сорақысы қасиетті Құранды
Ислам білгірлерінен емес, өзге дін өкілдерінің, анығын
айтқанда, дін дұшпандарының түсіндіруімен үйренуде.
Бұл әрине, ұлтымыздың ауыр қайғысы, сүйегімізге
басылған таңба. Басқаны қойып, енді өзінің қазақ
тілінде шоқынып жатқан қазақтарға Алла ынсап берсін
дегеннен өзге айтарымыз жоқ.
Ал өлеңнің соңында:
Қаны аққан қайран менің мұсылманым,
Осы ма екі ортада қысылғаның.
…Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,
Құрбан болсын Құдайың үшін жаның! – деп әлемдегі
исі мұсылмандарды бірігуге шақырған. Балапан басы-
мен, тұрымтай тұсымен кеткен мына аумалы-төкпелі за-
манда мұсылман мемлекеттері бастары бірігіп, ынтымақ
құра алмай отырғаны жасырын емес. Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың ұйымдастыруымен Астана қаласында
дәстүрлі түрде өтіп жүрген Ислам экономикалық