Previous Page  87 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 192 Next Page
Page Background

87

Мұқағали және дін

Ақиық ақын Мұқағали өлеңдерінің адам жа-

нын жылдам баурап алатындығының бір сыры оның

ештеңеден шімірікпей шындықты, ақиқатты дөп басып

жырлайтындығында. Кеңес үкіметінің қылышынан қан

тамып тұрған кезеңінің өзінде жазған өлеңдері «бас ке-

спек болса да, тіл кеспек жоқ» дегенді аңғартқандай.

Мешіттер қиратылып, дін жайлы ауыз ашқандар жаза-

ланып жатқан кезеңде Мұқаң:

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге жығылатын қайда күнім? –

деп дінімізді

ұстанып, намазымызды еркін оқитын азат күннің ақ

таңы туралы арманын ашық білдірді. Сан ғасыр бойы

қаймағы бұзылмай, момын халқымызбен бірге жаса-

сып келе жатқан асыл дініміздің қанаты қырқылып,

мүгедек күйге ұшырағанын айтып күйзелді. Мұнда ақын

күллі қазақтың бір Аллаға бас ұрғанын шын жүректен

қалайтыны өлең рухынан анық сезіледі. Кешегі ұлт зия-

лысы Мұқағалидың аңсаған заманы бүгін бізге бұйырып

отыр.

Құбылаға бет алуын, сәждеге жығылуды биік мақсат,

ұлы мұрат ретінде көрсеткен ақынның заманында намаз

оқып, дін ұстануды қорлық көріп, намыс санайтын жан-

дар өте мол кездесті. «Мен мұсылманмын» деп айтуға

ұялған кездерді бастан кешіріп, дінді апиын, біресе

ескіліктің қалдығы дейтіндерді көзіміз көрді. Міне,

Мұқағалидың ақындық өр тұлғасы сол – көпшіліктің