Previous Page  90 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 192 Next Page
Page Background

90

Балалы үй базар

Нағашыбек Қапалбекұлы «Құт пен жұт» деген

этнографиялық әңгімесінде қазақтың мына бір даналық

сөзін келтіреді:

Баласыз жан – мүлдем сөнбек,

Бір балалы үй – сынып қалар көнек.

Екі балалы үй – ащы-тұщы кермек.

Үш балалы үй – бала-шаға ермек.

Төрт балалы үй – асу бермес дөңбек.

Бес балалы үй – бір-біріне көмек.

Алты балалы үй – алтын жіпті өрмек.

Жеті балалы үй – абыр-сабыр еңбек.

Сегіз балалы үй – Құдай бәрін бермек.

Тоғыз балалы үй – рахат өмір көрмек.

Он балалы үй – бір ауыл боп өнбек. 

Он бір балалы үй – ел «шіркін-ай» демек.

Он екі балалы үй – өзіне-өзі әбден сенбек.

Он үш балалы үй – алты алашты түгел жеңбек. 

Ислам – адамдарды өлтіруге емес, өмірді сақтауға,

асыраудан қорқып, бала санын азайтуға емес, ба-

рынша көбеюге, қолдан түсік тастатуға емес, ақ

некелі, адал жолмен құрсақ көтеруге шақыратын

дін. Соңғы елшінің (с.ғ.с.) хадисінде: «Үйленіңдер,

көбейіңдер. Қиямет күнінде өзге қауымдардың алдын-

да сендердің көптіктеріңді мақтаныш етемін» деген.

Біздің ата-бабамыздың ұстанған жолында дініміздің

бұл бұйрығы да қалтқысыз орындалған деуге негіз

жоқ емес. Он, он екі балалы отбасылар өте жиі кез-

дескен. Қазақтың желкілдеген туының астында жер