Previous Page  85 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 192 Next Page
Page Background

85

Даналық ойдан дән ізде

менімен бөліссеңіз. Хазірет Омарды үлгі тұтып, соған

сай әрекет жасаймын».

Бір күні жұма намазынан соң жұрттың арасында

отыр еді. Бір кісі оның көйлегіндегі екі жамауды байқап

қалды. Сосын: «Уа, мүміндердің әміршісі, бүкіл қазына

қолыңызда, дұрыс киім алып кисеңіз болмас па еді?»

деп сұрады. Сонда Омар байыппен: «Бар бола тұрып

үнемдеу, ақысын талап етуге мұршасы келе тұрып,

кеңге салып кешіре салу Алланың құзырында қабыл

болатын сауапты істерден!» деп жауап қайырды.

Мәселеге екінші жағынан келгенде, басшылық

жұмыс осыншалықты ауыр болғандықтан, халық та

оған бағынып, бұйрықтарын екі етпей орындағаны

жөн. Бірде топ адам халифаның отырған жеріне баса

көктеп кіріп келеді. Арасынан жас жігіт сөйлеуге

ыңғайлана бастайды. Сонда Омар: «Тоқта, жасы үлкенің

сөйлеңдер» дейді. Сонда әлгі жігіт: «Әр мәселені жасы

үлкенге қарата берсек, мұсылмандардың арасында мына

сізден жасы үлкен талай адам бар емес пе?» деп саңқ

ете қалды. Сөзден тосылған соң: «Жарайды, айта ғой»

деп рұқсат береді. Сонда жігіт: «Біз сізден еш нәрсе

сұрағалы келген жоқпыз. Сіздің елге жасап жатқан

жақсылықтарыңыздың көптігі сонша, айдалада тұратын

бізге дейін жетті», – деп тоқтай қалады. Сонда Омар:

«Сендер кімсіңдер, не айтқалы келдіңдер?» – дегенде,

әлгі кісілер бір ауыздан: «Саған алғыс айтушы топпыз»,

– деген екен.

Ислам тарихында да, қазақ тарихында да аты аңызға

айналған ұлы тұлғалар өте көп. Елім, жұртым деген

сол тұлғалар ізін басар ізгі жұрттарға жарық берген

шамшырақтай. Сөз соңында қазақтың он сегіз жасар бір

батырының өмірінен үзінді беруді жөн көрдік.