99
Өзара түсіністік және жақсылықтарды
көре білу
Асыл дініміздегі отбасылық қағидаларды толық
орындаған отбасы тек бұл дүниеде ғана емес, арғы шын
өмірде де шаттыққа кенелері күмәнсіз. Бұл жағынан
алғанда ер адамның да, әйел кісінің де Ислам дінінің
телегей теңіз ілімінен алары мол. Сондықтан екі дүние
бақытын көксеген отбасылармен дініміздің бірқатар
сырлы кеңестерін бөліскелі отырмыз.
Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде мынадай бір аят
келтірген:
«Уа, иман келтіргендер! Әйелдерменжақсы
мәміледе болыңдар. Оларды жақтырмауларың
мүмкін. Бірақ Алла сендерге ұнамайтын нәрседе
көп жақсылық жасап қойған болуы мүмкін»
(«Ниса»
сүресі, 19-аят). Бұл ерлерге арналған бұйрық. Әйеліміздің
кей қылықтарын жақтырмаған күнде де оның ұнамсыз
қылықтарына түсіністікпен қарап, ақырын Алла-
дан күту мұсылмандықтың белгісі. Шындығында да,
айналамыздағы барлық нәрсе бізге сүйкімді боп көріне
бермеуі мүмкін. Бірақ кейінірек байыппен қарасақ, сол
ұнамсыз нәрсеге де Алла тағала мол жақсылық беріп
қойғаны анықталады. Өзіңіз зерттеп көріңізші, біреуге
қардың көп жауғаны ұнамайды. Біреуге күннің ысып
кеткені ұнамайды. Бірақ қар жауғаны мен күн ысығаны
егінге пайда. Ал пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің
бірінде былай дейді:
«Мүмин ер мүмин әйелге ренжіп
ашуланбасын. Егер оның бір мінезін жақтырмаса,
екінші бір мінезін ұнатуы мүмкін».
Демек, әйелдің