102
Даналық ойдан дән ізде
секілді міндеттерін кемшіліксіз атқарған әйелдерге ар-
нап былай деп жырлағаны да бар:
...Сол секілді әйелдің
Алтынға беріп болмайды
Шаштарының әр қылын».
Бірақ шариғатымыздың заңы бойынша әйел де
күйеуінің айтқанын орындап, дініміздің шеңберінен
шықпауы керек. Бүгінгі қоғамда ер мен әйелдің
арасындағы түсініспеушілктер мен кикілжіңдер жиі
ұшырасады. Қит етсе ашу шақырып, бір-біріне «пәлен
жыл отасқанда, сенен не жақсылық көрдім» деп өзеуреп
шығатындар да бар. Бұлар, әрине, ерлі-зайыптылардың
бір-бірінің жақсылығын бағаламауынан туындайды.
Қасиетті Құрандағы келтірілген Алланың талабы бой-
ынша бұл дүниедегі әрбір адам қадірлі болуы тиіс.
«
Шындығында, біз адам баласын ардақты еттік
»
делінген аяттың («Исра» сүресі, 70-аят) тереңіне
үңілсек, ешкім Алла тағала қадірлі, ардақты етіп
жаратқан өзінің өмірлік серігін төмен санай алмай-
ды. Керісінше, ақыретке қол ұстасып баратын өмірлік
жолдастар бір-бірінің бойынан жақсы қасиеттер іздеуге
талпынғаны жөн. Абай атамыз да
«Адамды сүй, Алланың
хикметін сез,
Не қызық бар өмірде одан басқа?!» деп
адамды сүюді Алланың хикметімен жайдан жай байла-
ныстырып тұрған жоқ. Бұл адамның жаратылысында
небір ғажайып даналықтар бар дегенге саяды. Бірақ
оларды көре білу, сезе білу әркімнің өз пайымындағы
шаруа. Жақсылықты көре білудің өзі – жақсылық. Ал
«көрмес түйені де көрмеске» салынып әйелі күйеуінің,
күйеуі әйелінің ізгі қасиеттеріне көз жұма қарауы от-
басы берекесінің ойран-топанын шығарады. Демек,
кез келген отбасының шадыман шаттыққа кенеліп,