106
Әйелге құрмет
Мұсылман отбасылары – сонау Адам атамыздан
бері тазалық пен пәктікті, имандылықты, адалдық пен
туралықты, бүкіл адамдық құндылықтарды бойына
жинаған ұлыкеруенніңжалғасы. Бүкіл пайғамбарлардың,
сахабалардың, шынайы тақуа құлдардың, тіпті кешегі
ата-бабаларымыздың отбасылары да осы жолмен жүріп
келген. Тура жолдың біреу ғана екенін ескерсек, онда
бұл жолдың сыртынан бақыт іздеудің қаншалықты
орынсыз екенін көреміз. Бүгінгі қоғамда көп мән
берілмегенімен, бұл өмірдің ең маңызды байлығының
бірі − отбасы.
Өкінішке қарай, бүгінгі таңда еліміздің көптеген
отбасыларында жылылықтың, өзара сүйіспеншіліктің,
құрметтің азайғанын байқаймыз. Мұның негізгі себебі
біздің имандылық жолынан ұзап кеткендігіміз. Тіпті,
бүгінгі қоғамда ер адамның өз әйелін құрметтеп,
қадірлеуін қорлық санайтындар да кездеседі. «Неге
сонша әйелжанды болып кеткенсің? Әйелдің ақылын
тыңдаған еркек еркек пе?» деген секілді надандықтан
ақылсынған сөздер аз айтылмайды. Шынында ақиқат
дінімізде әйелді адам қатарынан шығарып тастау бар
ма?
Алдымен айтарымыз, ешкім әйелін көшеде керексіз
болып жатқан жерінен тауып алмаған. Біреудің үкілеп
өсіріп отырған аяулы қызын өмірлік серігім болса екен
деп таңдап алады. Өзіміздің де қызымыз ертең бір
үйге келін болып барады. Ал қызының барған жерінде
айтқан сөзі еленбейтін, ойы бағаланбайтын, еңбегі адал,