Previous Page  114 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 192 Next Page
Page Background

114

Әйел бақыты

Отбасы мүшелерінің бір-біріне қатысты ақылары

бар. Ерінің алдында әйелінің, әйелінің алдында ерінің,

баланың алдында ата-ананың міндеттері осыған сая-

ды.

Әйел күйеуінің өзінен бір саты жоғары тұратынын

мойындауға міндетті. Қасиетті Құранда: «

Ер адамдар

әйелдерге жауапты, әрі басшы

» деген аят бар («Ниса»

сүресі, 34-аят).

Аят негізіне қарасақ, отбасында әйелі күйеуіне

бағынуы керек. Бір әйел пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп:

«Уа, Алланың елшісі, күйеуімнің алдында менің қандай

міндеттерім бар?» деп сұрағанда, «

Күйеуіңе бағыну,

қарсы келмеу, рұқсатынсыз үйінен ешбір нәрсені

садақа етпеу. Нәпіл ораза ұстағың келсе, рұқсатын

алу. Түйенің үстінде отырған жерінен шақырса да,

күйеуінен тартынбау. Рұқсатынсыз үйден шықпау.

Егер де рұқсатсыз шығып кетсе, онда үйге қайтып кел-

генге дейін әйелге көк періштелері де, жер періштелері

де, ашу періштелері де, рақым періштелері де қарғап,

лағынетін жаудырып тұрады

» деп жауап қайырды.

Міне, осы бір хадистің астарында үлкен мән

жатқанын бүгінгі қоғамда әркім ұғына алмауы

ықтимал. Тіпті кейбіреулер: «Бұл дегенің барып тұрған

әділетсіздік, әйелді құл қылу ғой» деп қалуы да ғажап

емес. Алайда байыбына барған адам бұл айтылғандар

ер үшін де, әйел үшін де бақыттың көзі екенін түсінеді.

Өйткені отбасының көп қиындығы әйелдің күйеуге

бағынбағанынан, өзімбілемдікке салынғандығынан,