67
Даналық ойдан дән ізде
Дінімізде әр нәрсені өз уақытында орындау қажеттілігі
өзге құлшылықтардан да көрінеді. Мысалы, құрбандықты
Айт намазынан кейін шалу керек. Одан бұрын шалынса,
құрбандық емес, жай ет болып қалады. Ораза кезінде
уақытында ауыз бекітіп, дәл уақытында ашуға тиіспіз.
Белгіленген уақытты өткізіп барып, ауыз бекітсек, ол ораза
емес, жай ашжүру болып қалады. Таң намазын күншығып
кеткеннен кейін оқысақ, ол намазды орындау емес, қазасын
өтеу болып саналады. Бұл екі намаздың Алла құзырындағы
құны екі бөлек.
Әрине, күн мен түнді дұрыс пайдалану ұйқыдан,
тынығудан бас тарту деген сөз емес. Хадисшәріптерде адам
жүрегінің шаршайтыны, бір ауық дем алуы да керектігі
айтылған. Сондай-ақ өздерін толықтай құлшылыққа ар-
нап, дүниеден баз кешіп, өмірін тек намазбен, оразамен
өткізгісі келген сахабаларға Алла елшісінің:
«Сендердің
араларыңда Алланы ең жақсы танитын да, Алладан ең
көп қорқатын да менмін. Мен ұйықтаймын да, намаз
да оқимын. Ораза да тұтамын, ішіп-жеп те жүремін.
Әйелдеріммен де бірге боламын. Естеріңде болсын, сен-
дерде әйелдеріңнің де, өздеріңнің де ақыларың бар. Кім
сүннетімнен бас тартса, менің үмбетім емес»
деген
сабағы мәлім.
Ұйқының адамның жасына қарай өз өлшемі бо-
луы керек. Медицина мамандары ересек адамның
тынығуы үшін 5 сағаттық ұйқы жеткілікті екенін ай-
тады. Мүмкіндігі барлар түскі уақытта жарты сағат
тынығып алса, күннің қалған уақыттарында береке ар-
татыны мәлім.
Табиғиндер дәуірінде Амр ибну Абд-ул-қайс деген
имам өтіпті. Сол имамға біреу келіп: «Кел, отырып арқа-
жарқа әңгіме-дүкен құрайықшы» дегенде: «Сен күнді