Previous Page  66 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 192 Next Page
Page Background

66

Даналық ойдан дән ізде

Ислам мемлекетінің құрылуына байланысты көптеген

мемлекетаралық келіссөздер жүргізген. Осындай мол

істердің арасында Алла тағаладан Жәбірейіл періште

арқылы уахи түсетін жағдайлар да бар еді. Туыста-

рын аралап, Ислам дінін түсіндіру, өзге дін өкілдеріне

Исламның ақиқаттығын жеткізу секілді істерін тізе бер-

сек, санап тауысу қиын. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

осының бәрін бір күнге шебер сыйдырып, кемшіліксіз

атқарып отырған.

Қасиетті Құранда уақытты тиімді пайдалану жөнінде

бұйрық келген бе деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл жағынан

алғанда, «Аср» сүресінің мәнін дұрыс ұғынуымыз ке-

рек. «

Заманаға серт! Бүкіл адамдар ұтылыста

» де-

ген аяттың астарында Аллаға иман келтірген адам әр

күнін өзіне, дініне, иманына, еліне, жұртына пайдалы

етіп өткізсін деген мәнді де байқауға болады. Басқаша

айтқанда, уақытты иман мен ізгі істер тұрғысынан

дұрыс жүйелей алмаған адам ұтылады.

Күнделікті уақытымызды жүйеге келтіруде на-

мазды өз уақытында орындаудың маңызы зор. Бес

уақыт намаз – уақытты тиімді пайдалану үшін таптырмас

мүмкіндік. Бір күнді намаз арқылы бес бөлікке бөліп, сол

бес бөліктің арасын күнделікті тіршілігімізге, кәсібімізге,

басқа да қажеттіліктерімізге қарай толтырып отыруға ты-

рысу қажет. Бір тәулікті ұқыпты өткізу үшін намаздарды

уақыты кірген кезде бірден оқыған абзал. «Ең жақсы іс

қандай?» деп пайғамбардан сұралғанда, «Уақыты кіре сала

оқылған намаз» деп жауап беруі осының айғағы. Соған

сәйкес, істерін «бесіннен кейін жасаймын», «екінтіден соң

атқарамын», «құптанға дейін бітіремін» деу арқылы оңай

жүйелейді.