68
Даналық ойдан дән ізде
ұстап, кішкене тоқтата тұршы, сосын әңгіме қылайық»
деп ойлантып тастаған екен.
Адам баласының өмірі де бес бөлікке бөлінген:
1. Балалық; 2. Жастық; 3. Орта жас; 4. Егделік; 5.
Қарттық.
Бұл жастардың әрқайсысында ескерілуі тиіс,
атқарылуы маңызды істер бар. Мысалы, балалық шақта
бүлдіршінге уақытты жүйелі пайдалануды үйретуіміз
қажет. Сонда оның қалған өмірі берекелі болады. Егер
бұл шақта сәбидің жас ағаш секілді бұтақтары қисық
бітсе, одан кейін түзеу оңайға соқпайды. Зардабын өмір
бойы тартуы мүмкін.