Previous Page  65 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 192 Next Page
Page Background

65

Уақыттың қадірі

Қолға алған тақырыбын ақиқатына жеткізе

жырлаудың қас шебері Абай хакім өлеңдерінің

бірінде:

«Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек, ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек», – деп өмірдегі

ең маңызды құндылық уақытты тілге тиек етеді.

Өлеңінің соңын:

«Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,

Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл», – деп

түйіндейді.

Қасиетті Құранда «күн», «ай», «жыл» деген

ұғымдардың аталуы тегін емес. Әсіресе, онда күн

мәселесіне көбірек орын бөлінген. Пайғамбарымыздың

(с.ғ.с.) өмірі бір күндік уақытты жүйелі өткізуде

қайталанбас үлгі десек артық айтпағандық. Оның бір

күнге сыйғызған жұмыстарының көптігіне таң қалмау

мүмкін емес. Алла елшісінде (с.ғ.с.) бүгінгі істі ертеңге

қалдыру деген атымен жоқ. Әрбір іс қауырттығына

қарай міндетті түрде өз уақытында орындалған.

Пайғамбарымыз үйінде қонақ күткен, өзі де қонаққа

барған. Отбасы істеріне ерекше көңіл бөлген, Құран

оқыған, егіліп дұға еткен, түні бойы аяғы іскенше на-

маз оқыған, ауру кісілерді зиярат еткен, жетімдердің

басын сипаған, сахабаларын жинап уағыз айтқан. Жаңа