60
Даналық ойдан дән ізде
салу» деген мағыналарды білдіретін «фәкәрә» түбірінен
алынған. Ендеше қозғап отырған тақырыбымыз бір
мәселе жөнінде терең ой толғау, әр нәрсенің байы-
бына бару, пайымдау, бүкіл санамен ойлап білу де-
ген ұғымдар жөнінде. Қасиетті Құран кәрімде бұл
мазмұндағы аяттар өте көп. Мысалы, «Әли Имран»
сүресінің 199-аятында: «
Ақыл иелері көк пен жердің
жаратылысына ой жүгіртеді де:
«
Уа, Раббым, сен
бұларды тектен тек жаратқан жоқсың
» делінген.
Сондай-ақ «Бақара» сүресінде: «
Алла ой жүгіртулерің
үшін өзінің аяттарын осылайша ашық мысалдар-
мен баяндайды
» делінген (266-аят). Ал «Хашыр»
сүресінің 21-аятында: «
Осы мысалдарды адам бала-
сы (Алланың құдіретіне) ой жүгіртсін деп баяндай-
мыз
» делінеді.
Байқап отырсақ, бұл аяттарда терең ой Алланың
құдіретін еске алумен байланыстырылған. Сонда
адамның отырса да, тұрса да, жатса да жер мен көктің
арасындағы жаратылыстардың хикметтері мен бір
Алланың құдіретін, мейірімін, рақымын, кешірімін,
ұлылығын, пәктігін ойлауы өте маңызды.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:
«
Терең ойлаудан асқан құлшылық жоқ
» деп түйін
жасаған. Сондай-ақ: «
Алланың жаратылыстары
жайлы бір сағат ой қорыту бір түнді құлшылықпен
өткізгеннен артық
» деген сүйіншісі де бар. Әйгілі
ғұлама имам Ғазалидың: «Терең ой – құлшылықтың
жартысы» деуі де тегін болмаса керек.
Әр нәрсеге жай көзбен емес, ғибрат көзімен
қараудың пайдасы көп. Бір нәрсеге назар аударғанда,
оның өлшемдеріне, құрылысына, әдемілігіне, бағасына,
құнына мән беру, не үшін жаратылғанын пікір ету