58
Даналық ойдан дән ізде
Бүгінгі таңда жұрттың бәрі өмірден өз үлестерін
алып қалу жолында жандарын салып жатыр. Жатпай-
тұрмай білім ізденіп әлемдік бәсекеге барын салуда.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «
Рызық-несібелеріңді
жер қойнауынан іздеңдер
» немесе «
ғибадаттың ең
артығы ғылым іздеу
» дейді. Дінімізде ер кісіге де,
әйелге де ғылым іздену парыз. Бірақ бүгінде кежегесі
кейін тартқан мұсылман елдері, соның ішінде қазақ
жұрты жағамызды жайлауға салып, жайбарақат
жатқанға ұқсаймыз.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің
бірінде: «
Білімсіздер мен білімділердің парқы өлі мен
тірідей
» дейді. Қарап отырсақ, бұл хадисте білім өмірге
теңелген. Рас, «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».
Білім аламыз деп оқуға түсеміз. Бірақ универси-
тет, институттағы әр минуттың қадірін біліп жүрміз бе?
Әр күннің қанша сағаты кітапханада өтеді? Бір түннің
қанша бөлігін ғылым іздеуге арнадық?
«
Ғылым мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан
дүниесі. Қай жерден тапса да, оған иелік етіп алуы
тиіс
» деген хадис пайғамбардың ғайыптан берген
хабары. Бір кездері мұсылмандар ғылымның сан
қатпар жұмбағын шешіп, қазіргі дамыған Еуропаның
ренессансының негізін қалады. Кейін мұсылмандар
ғылымы кенжелеп қалды. Бұл мұсылмандардың
жоғалтқан қазынасы емей немене? Малымыз немесе
көлігіміз жоғалса, шарқ ұрып ауыл-ауылды адақтап
іздейтініміз бар. Сол секілді қазіргі таңда бүкіл әлемді
шарлап жүріп, ілім мен хикметті іздеуіміз керек.
Сөз соңында тілеріміз, Алла тағала біздің жұртты
да өнерлі, білімді, иманды жұрттардың қатарына
қоссын!