54
Даналық ойдан дән ізде
шүкір, біз ондай емеспіз ғой» деудің өзі ғайбаттың бір
түрі. Мұсылман адам осының бәрінен іргесін аулақ
салғаны дұрыс. Әсілінде, арақ ішу, ұрлық немесе зина
жасау, доңыз етін жеу қандай күнә болса, ғайбат та дәл
сондай ауыр күнә. Ғайбат жасаудың шариғаттағы үкімі
– анық харам.
Бір күні ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахаба-
ларынан
«Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?»
деп
сұрады. Сахабалары әдеттегідей: «Алла мен елшісі
жақсырақ біледі» деп жауап қатты. Сонда Расулуллаһ
(с.ғ.с.):
«Әлдебір бауырыңды оған ұнамайтын нәрсе
айтып еске алсаңдар, сол ғайбат»
дейді. Сонда бір са-
хаба орнынан тұрып: «Уа, Алланың елшісі, айтылған
қасиет ол кісінің бойында бар болса, сол да ғайбат па?»
деп мәселені анығырақ сұрап білгісі келді. Алла елшісі
(с.ғ.с.): «
Егер сен айтқан нәрсе ол кісінің бойында бар
болса, ол ғайбат. Ал болмаса, онда айтқаның жала
»,
– деді.
Ал енді ғайбат еткеннің жағдайы қандай болмақ?
Соған тоқталайық. Қасиетті Құранда: «
Бір-бірлеріңді
ғайбаттамаңдар. Бауырының етін өлген күйде
жегенді қайсың ұнатасың? Әне, бұдан тіксінесіңдер.
Олай болса, Алладан қорқыңдар
» («Хужурат» сүресі,
12-аят) деу арқылы ғайбаттың қаншалықты жиіркенішті
күнә екені, оның ақыры не болатыны айтылған. Адамзат
баласы өлген малдың етін жеуден қатты жиіркенеді. Ал
Алла тағала бұл жерде «өліп қалған бауырының етін
жеу» дегенді келтіріп отыр. Осы оқиғаны сабақтау үшін
мына оқиғаны баяндасақ. Әнас (р.а.) былай деп риуаят
етеді: «Бірде пайғамбарымыз ауыз бекітуді әмір етіп:
«Рұқсат етілмейінше ешкім оразасын ашпасын» деді.
Кеш батып, ымырт үйірілген шақта пайғамбарымыз