Previous Page  49 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 192 Next Page
Page Background

49

Ақыретке сенім

«Дүниеге дос ақыретке бірдей болмас,

Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.

Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың,

Иманын түгел деуге аузым бармас,

–

деген Абай

өлеңі пайғамбарымыздың бір жүрекке екі махаб-

бат қатар сыймайды деген хадисімен сабақтасып

жатыр. Жүрегімен дүниеге ынтығып, ақыретке тек

тілдің ұшымен ғана «сендім, иландым» дей салу иман

әлсіздігінің белгісі, демек.

Негізінде, адамға берілген нығметтерді санап тауы-

су мүмкін емес. Мысалы, мал-жан, бала-шаға, білім мен

денсаулық, жастық шақ пен күш-қуат, айта берсеңіз

таңды таңға ұрып санауға болады. Осының бәрін дұрыс

пайдаланып, ақыреттік пайдаға ұмтылуымыз керектігін

«

Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет

жұртын іздеп, соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді

де ұмытпа»

(«Қасас» сүресі, 77-аят) деген аят айқын

тәлім етуде. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде де

бізде Алланың ақысы бар болғаны секілді, нәпсіміздің

де, отбасымыздың да ақысы бар екені айтылған. Сондай-

ақ Құранның тағы бір аятында

«Кімде-кім Аллаға

және періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына

және ақырет күніне иман етпесе, өте қатты адасады»

делінген («Ниса» сүресі, 136-аят). Олай болса, ертең

бүкіл өміріміздің есебі берілетін Ақырет күні келетініне

сенбеу тура жолдан, ақиқаттан бұра тартып адасудың

үлкені («Тәфсируль мунир», 5-том, 313,314- беттер).

Абай Құнанбайұлы адам үшін дүние мен ақыреттің