Previous Page  46 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 192 Next Page
Page Background

46

Уайым – ер қорғаны, есі барлық

«Уайым» дегенде, ең алдымен «Уайым түбі –

тұңғиық, батасың да кетесің» деген мәтел еске түседі.

Мұнда уайымның кеселді жағы айтылған. Алайда

Абай атамыз «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық»

деген өлеңінде «уайым – ердің қорғаны, есі барлық»

деп көңілдің осы бір күйіне екінші қырынан қараған.

Ақынның айтпақ ойына тоқталмас бұрын уайымның Ис-

лам дініндегі орнын қысқаша бағамдап алу маңызды.

Уайым дегеніміз – адамдық пен сүйіспеншілік,

жанашырлық пен жауапкершілік, үміт пен үрейден пай-

да болатын көңілдің күйі. Дін мен Отан үшін қызмет

ету, жұртқа жақсылық жасау іштей сол елдің жағдайына

алаңдаудан, жанашырлықтан туындайды. Егер кісінің

иманыкәміл болса, қоғамымыздағыкейбір келеңсіздіктер

мен небір азғындықтарды көріп күндіз күлкіден, түнде

ұйқыдан айырылар еді. Өйткені пенде өзіне қалағанды

досына да қаламайынша толық иманды бола алмайды.

Халифа Омар ибн Абдулазиз мұсылмандардың күйін

ойлағанда көз жасына ие бола алмайды екен. Жұбайы

Фатима келіп неге сонша таусыла беретінін сұрағанда

халифа былай деп түсіндіреді екен: «Мына үмбеттің ең

үлкен жүгі қазір менің мойнымда. Халық арасындағы

аш-жалаңаш, міскін мен науқастарды, жетім-жесір мен

әділетсіздікке душар болған жандарды көргенде батпан-

дай ауыр жүктің астында қалғандай күй кешем. Ертең

Алла тағала олардың жайын менен сұрағанда не деп

жауап берем» (Ибн Касир, 9 том, 201-б.). Сол уайымның

нәтижесінен болса керек, Омар ибн Абдулазиз дәуірі