Previous Page  48 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 192 Next Page
Page Background

48

Даналық ойдан дән ізде

мақтанбай, ойлы келетіні анық. Осы тұрғыдан жүректегі

уайымды бос күлкіге, жеңілтектікке, мақсатсыз бекер

іске жібермейтін рухани күш деп те бағалай аламыз.

Мысалы, жер бетіндегі адамзат баласының қамын ой-

лап, қайғырып, түндерін Аллаға дұға етумен өткізген

адамның Алла алдындағы қадірі де биік болады. Абай

қара сөздерінің бірінде: «Әрбір уайым-қайғы ойлағыш

кісі не дүние шаруасына, не ақырет шаруасына өзгеден

жинақырақ болса керек» дейді. Уайым ұйқышыл адам-

ды сергектікке, жалқауды еңбекқорлыққа, бейқам жан-

ды жинақылыққа тәрбиелейді.

Пайғамбарымыздың білгенін білгенімізде аз күліп,

көп жылар едік. Көзді арбайтын өмірдің қызылды-

жасылына алданбай, бұл күндері халі мүшкіл дін Ислам

үшін көбірек қам жер едік. Мына дүниеден Алланың

хикметін оқып, қазіргіге қарағанда анағұрлым ойлы бо-

лар едік. Заманында елге сөзін ұқтыра алмай, мыңмен

жалғыз алысып надандықтың құрбаны болған хәкім

Абай жастарға мынадай өсиет қалдырды: «Уайымсыз

салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған

бек сақ бол. Ол әуелі Құдайдың, екінші халықтың,

үшінші дәулеттің, төртінші ғибраттың, бесінші ақылдың,

ардың – бәрінің дұшпаны».