Previous Page  43 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 192 Next Page
Page Background

43

Мақсұт – алыс, өмір – шақ

Өмірді Құран мен сүннет шеңберінде түсініп,

мұсылманша ой қорытып, жаратылыс пәлсапасын

Ислам негізінде жырлаған арғы-бергі ақындардың

ішінде Құнанбайдың ұлы Абайдан асқан ақын кемде-

кем. Әйгілі «Сегіз аяғында» заңғар ойшыл былай деп

толғайды:

Қайратым мәлім,

Келмейді әлім,

Мақсұт – алыс, өмір – шақ.

Өткен соң базар,

Қайтқан соң ажар,

Не болады құр қожақ?!

Кеш деп қайтар жол емес,

Жол азығым мол емес.

«Қайратым мәлім, келмейді әлім» деп ақын өз

бойындағы қуаттың азайғанын емес, жалпы адамзаттың

әлсіз жаратылғандығын түсіндірген секілді. Шынымен

де қасиетті Құранда:

«Алла сендердің жүктеріңді

жеңілдетуді қалайды. Бірақ адам өте әлсіз

жаратылған»

деген анық аят бар («Ниса» сүресі, 28-

аят). Жалған дүниені жалпағынан басқан адам баласы еш

уақытта базары тарқамастай сезінеді. Сондықтан болар,

Алланың үкімдеріне атүсті қарайды. Сағым дүниенің

соңында жүріп қу өмірдің соңы таяп қалғанын да білмей

қалады. Ақырында деннен саулық, бойдан қуат кеткен-

де өзінің әлсіздігін мойындауына тура келеді. Әлсіз бол-

маса, кім өзінің өткен өмірін қайтара алады? Кім өзінің

амал дәптерінен өмір бойы жасаған күнәлі істерін өшіре