Previous Page  39 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 192 Next Page
Page Background

39

Біріңді қазақ бірің дос

Данышпан Абай атамыз «Біріңді қазақ бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос» деп ынтымақ болмаса,

жақсылыққа жетеміз деу бекершілік екенін айтқан.

Ұлы Алла тағаланың жәрдем-қолдауы мен рақым-

мейірімі де ең алдымен ынтымақты елге түсері дау-

сыз. Қоғамның әр мүшесі бір ғана мақсатқа жұмылса,

алынбайтын қамал жоқ. Шілдің қиындай бытыраған

елде береке де, биік мақсат та, ұлы арман да болмай-

ды. Тату-тәтті тірлік қыла алмаған елдің болашағы да

бұлыңғыр. Ынтымақсыз жұртта ештеңе де өнбейді, ет-

кен еңбек жеміс бермейді. Сондықтан дінімізді, ел мен

жерді, салт-дәстүр мен мәдениетімізді сақтау үшін тас-

түйін ауызбіршілік қажет. Ал адамдардың арасындағы

туыстық, бауырлық қатынасты өз кезегінде тек Ислам

діні ғана толық реттей алатыны сөзсіз.

Қасиетті Құран кәрімде «

Бір кезде сендер дұшпан

едіңдер, Алла жүректеріңді біріктіріп достастырды.

Алланың нығметімен туыс болдыңдар

» делінген

(«Әли Имран» сүресі, 103-аят). Демек, жүрек атаулының

арасын біріктіріп, адамдарды дос етуші діннің де,

дүниенің де жалғыз иесі Алла тағала. Алланың рах-

ман сипаты болмаса, пенднлер арасында достық

болмас еді. Ұлы мақсаттың жолында ғана шынайы

бауырмалдық болуы мүмкін. Бір күндік пайдасы үшін

«достасатындар» көп. Ал ақыреттік достар ілуде біреу

ғана. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Бір-біріңді

күндемеңдер. Өзара жауласпаңдар. Дін жолында

достасыңдар. Мұсылманға бауырымен қатынасын үш