37
Даналық ойдан дән ізде
хадисі сөзіміздің дәлелі. Шәкәрім атамыз да «Құдай
таза жаратты, сен таза бол» дейді. Адам әу баста таза
жаратылғанымен, өзіне дұрыс қарамаса, бірте-бірте жа-
нын да, тәнін де кірлетіп алуы ықтимал. Мәселен, ғұсыл,
дәрет дегенді білмейтін немесе оған дұрыс мән берме-
ген адамның әрбір күні қашан тазаланғанға дейін жүніп
(былғаныш) күйде өте бермек. Сондай иман негіздерін
бойына сіңдірмесе, өтірік, өсек, ғайбат, күпірлік секілді
кез келген күнәға салынып кетуі мүмкін. Сондықтан
мұсылмандыққа бет бұрған жан ең алдымен, жақсылап
ғұсыл құйынып, яғни толық шомылып, тәнін тазартуы,
содан соң «Лә иләһа иллаллаһ, Мухаммадур расулуллаһ»
деп мұсылмандықтың куәлігін айтуы керек. Содан әрі
сыртқы денесін, киген киімдерін, жүрегін таза ұстайды.
Бұл жоғарыда айтқанымыздай, мұсылмандықтың да,
имандылықтың да белгісі. Сондай-ақ жейтін асымыздың
адал болуы да тазалық шеңберіне енеді. Ал астың адал
болуы оны табу жолына да байланысты.
Жалпы, мұсылман ғалымдары Құран мен хадистер-
ге қарап, тазалықты төртке бөледі:
1.
Дене, киім мен намаз оқитын жердің тазалығы.
2.
Күнәдан тазалық.
3.
Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық,
дұшпандық секілді жаман аурулардан тазалануы.
Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт,
сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толықтыру.
Бұл – тақуа жандарға тән иман мәртебесі.
4.
Жүректің Аллаһтан өзге барлық нәрседен тазала-
нуы.
«Ләә иләһә иллаллаһ»
(Аллаһтан басқа құдай жоқ)
деген тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы.