33
Даналық ойдан дән ізде
біліміне, таным-түсігіне өмірлік ұстанымдарына, ру-
хани деңгейіне қарай мақсат-ниеттер де өзгере береді.
Мысалы, Бұхар жыраудың толғаулары мен қатардағы
ақынның өлеңдеріндегі ниет бір емес. Біреуі мың
жылдықты, екіншісі бір жылдықты ойлауы мүмкін.
Қысқасы, әр істің басталуында сан мың түрлі ниет жа-
тады. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы ақиқатты
мына бір хадисінде бір-ақ ауыз сөзбен түйіп берген:
«
Шындығында, бүкіл іс ниетпен жасалады. Сондай-
ақ әрбір адамға ниетіне қарай амалының қарымы
беріледі
». Демек, ешбір амал ниетсіз басталмайды.
Кез келген бастаманың жақсы-жаманы, адал-арамы,
белгілі бір ниеті болады. Сол ниетке қарай, ертең
Алла тағаланың алдына барғанда амалдың қарымтасы
беріледі. Осыларға ой жүгірткенде, Абай атамыздың
жоғарыдағы даналығына таң қалмасқа шара жоқ. Ислам
тарихынан да бір мысал бере кетелік.
Ислам дінін бүкіл әлемге жаямыз деп атқа қонған
сахабалардың ниеттері қандай еді? Қішігірім ғана
Араб түбегінде отырып, бүкіл жер жаһанға, небір
ұлы империяларға Ислам дінін жеткіземіз деген ой
олардың берік иманынан бастау алған. Және олар сол
мақсаттарына белгілі бір дәрежеде жетті де. Оның
сыры жүрек тазалығында, қиыншылықтарға сабыр
ету мен ықыластың тереңдігінде жатыр. Қайтсек Алла
разылығына бөленеміз деген уайыммен күн кешкен
сол бір жұлдыздар шоғыры өз заманында осындай ұлы
істерге мұрындық болды. Аспан асты, жер үстіндегі ең
асыл жандар өз істерін міне осындай ниетпен бастаған.
Бүгінгі күннің мұсылмандары осындай ықылас-ниеттен
үлгі алса дейміз.