Previous Page  36 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 192 Next Page
Page Background

36

Құдай таза жаратты, сен таза бол

Ислам – тазалыққа, пәктікке, адалдыққа шақыратын

дін. Қасиетті Құран кәрімде «

Сөзсіз, Алла тәубеге кел-

гендер мен тазаланғандарды жақсы көреді

» делінген

(«Бақара» сүресі, 222-аят). Байқасаңыз, аятта тәубеге

келу мен тазалану мәселесі қатар аталған. Себебі бұл

екі ұғым нағыз тазалықтың негіздері саналады. Бірі

тәніміздің, екіншісі рухымыздың тазалығы. Тәубеге

келудің өзі күнәдан арылудың, тазарудың жолы. Демек,

мәңгілік бақытқа қол жеткізушілердің алғашқы сипаты

– тазалық. Тазалық жүрекпен, ішкі жан дүниемен бай-

ланысты болғандықтан, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

хадис шәріптерінің бірінде «

Тазалық – иманның жар-

тысы

» деп түйіндеген. Таза болмасаң, иманың кәміл

емес деген сөз.

Асыл дінімізде тазалыққа соншалықты мол мән

берілуінің тағы бір себебі мұсылманның күніне бес

уақыт ұлы Раббымыз Алла тағаланың құзырына шығып

намаз оқуында. Алла тағаланың алдына кір-қожалақ

болып шығудың қаншалықты дұрыс емес екендігі

айтпай-ақ түсінікті. Намаз деген ұлы ғибадатты орын-

дау үшін мұсылман денесінің, киімінің және намаз

оқитын жерінің, сондай-ақ жүрегінің тазалығына мән

беруі керек. Намаздың сыртқы алты парызының бірі

тазалық екендігі сондықтан.

Алла тағала әрбір адамның жанын да, тәнін де әу

баста пәк етіп жаратқан. Сүйікті пайғамбарымыздың

(с.ғ.с.) «

Әрбір адам анадан пәк болып туылады

» деген