34
Даналық ойдан дән ізде
Артына мол ұлағат қалдырған қазақтың кешегі би-
шешендері де тірліктін мәнін ақ пейіл, адал ниетпен
астастырып түсіндірген. Мысалы,
Үмбетей жырау
Тілеуұлы: «
Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді»
деп жүрек пен рух тазалығына шақырады. Ал Ізбасты
шешеннен мынадай сөз қалған:
Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек;
Ниетің таза болмаса,
Тіл тазасы не керек
Иә, кісі қай салада жұмыс істесе де, бәрінен бұрын
ниеттің шынайылығы маңызды. Әрине, жоғарыда
келтірілген хадисте айтылғандай, әркім өзінің ниетіне
қарай жетістікке жетеді. Бай болам дегенді бай қылу да,
атақты болам дегенді атақты ету де Алла тағалаға түк
емес. Бүкіл мүлік те, бүкіл жүрек те жалғыз Алланың
құдірет қолында. Оларды қалағанынша құбылтып,
қалағанынша өзгертеді. Бірақ қолға алған ісімізде
Алланың разылығын, елдің қамын, екі дүниенің
бақытын қаламайтын болсақ, онда біздің жетістіктеріміз
түбінде баянды емес. Сондықтан мұсылмандар бір істі
бастарда жақсылап дәрет алып, екі рәкат намазын оқып,
Алла тағалаға дұғасын жасап, содан кейін ғана кіріскені
абзал.
Ешбір істің қиындықсыз бітпейтінін де білеміз.
Үлкен жетістік тек қиындық арқылы ғана келеді.
Адамның жаны да, тәні де қиындық көре шынығады,
кемеліне келеді.
Ал қиындықты жеңудің бір жолы үміт ету. Ол
да өз кезегінде иманмен байланысты. Иманға толы
жүрекке үміт қосылса, қолға алынған бастамаларға
қанат бітеді.