Previous Page  30 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 192 Next Page
Page Background

30

Даналық ойдан дән ізде

рухани құндылықтарды түсіндіргенін көреміз. Мәселен,

пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муаз ибн Жәбалды Йеменге ат-

тандырып тұрып: «

Муаз, Йемен жұртшылығын алды-

мен Алладан өзге тәңір жоқ екеніне және менің Алла

елшісі екеніме иман етуге шақыр. Егер осыған сенсе,

күніне бес уақыт намаз оқу парыз екенін айт. Одан

кейін байлардан алынып, кедей-кепшіктерге берілетін

зекет жайлы хабар бер

» деген.

Әрине, намаздың өте маңызды құлшылық екені

ақиқат. Бірақ иманның шарттары толық қабылданбай,

ешбір ғибадат өз орнын таппайтынын естен

шығармауымыз керек. Өйткені иман бізді жоқтан бар

еткен, ақыл-сана сыйлаған ұлы Жаратушымызға басы-

байлы беріліп, бойұсыну және Алланың сүйікті елшісі,

екі дүниенің мырзасы, ардақты Мұхаммед пайғамбарға

(с.ғ.с.) үмбет болып соңынан еру дегенді білдіреді.

Міне, сондықтан таразының бір басына иманды, екінші

жағына бүкіл дүниені қойса, сөзсіз иман басым түседі.

Бір адамның иманмен қауышуы жер бетіндегі бар

жақсылықтан қайырлы болуы да осыдан. «Лә иләһә

илләллаһ, Мухаммадур расулуллаһ» деген кәлимада

осындай қуат бар.

Адам баласы өте білімді болар, жақсылықты да бір

кісідей істер, алайда жүрегіне иман ұяламаса, оның

пайдасы тек осы дүниеде ғана. Осыны ескерген Абай

атамыз тағы бір шумағында:

Істің басы – ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты қабыл демен, – деп тағы да

мәселенің ең тереңін қаузайды.

Жинақтай келе айтарымыз, Ислам талабы бойын-

ша, әрбір мұсылман Алланың хақ әрі жалғыз екеніне,