Previous Page  26 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 192 Next Page
Page Background

26

Даналық ойдан дән ізде

өзіндік дәрежелері бар. Тарихта қиямет пен мизан та-

разысына, сират көпірі мен махшар алаңына, жұмақ

пен тамұққа өз көзімен көргендей сенетін әзірет Әли

секілді рухани әлемнің алып тұлғалары өткен. Міне,

солар Алланың шын достары еді. Ал иман кәмілдігінің

шыңына жеткен бірден-бір адам, ол әрине, Мұхаммед

пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Саңлақ сахабалардың бірі Әбу

Дарда (р.а.) ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай

дегенін жеткізген: «

Дәуіт пайғамбардың дұғаларының

арасында былай деп айтылғаны да бар: «Уа, Алла

тағалам, Сенен сүйіспеншілігіңді, Өзіңді сүйгендердің

сүйіспеншілігін, сондай-ақ мені Сенің сүйіспеншілігіңе

бөлейтін ізгі істерді сұраймын. Уа, Алла тағалам,

Өзіңнің сүйіспеншілігіңді маған өз жанымнан да, от-

басымнан, дүниемнен де, салқын судан да сүйкімді ете

гөр!

».

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де Аллаға де-

ген шексіз махаббатын өз өмірі мен көрсетіп кетті.

Құлшылық етуден терең ләззат алатын. Түнде тұрып,

ұзақ намаз оқығанда, аяқтары күптей болып ісіп кететін.

Бұрын-соңғы күнәлары тегіс кешірілген болса да,

мұнысын Аллаға деген шүкіршілік деп санайтын.

Бір күні Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешіттен

келе жатқанда, қарсы алдынан бір кісі шыға келіп:

«Уа, Алланың елшісі, қиямет қашан болады?» деп

сұрақ қойды. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қияметке нендей

дайындығын бар?» - деп ұлы күннің қашан болатыны

емес, оған әзірлік жасау маңызды екенін білдірді. Сонда

әлгі адам: «Қиямет үшін көп намаз оқып, ораза ұстап,

садақа таратып дайындық жасадым дей алмаймын.

Бірақ мен Алланы және елшісін қатты жақсы көремін»

деп ағынан жарылды. Бұны естіген парасат пайғамбары