Previous Page  24 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 192 Next Page
Page Background

24

Даналық ойдан дән ізде

туады. Ардақты пайғамбарымыз: «Алланың достары

кімдер?» деген сұраққа:

«Қараған жанға, Алла еске

түсіретіндер»

деп жауап берген екен. Мұндай белгі

Алланың дінінен зәредей алыстамайтын құлдардан ғана

байқалады. Мәселен, бір мұсылман үнемі туралықты

айтып, өзі де тек тура жолдан айнымай өмір сүрсе,

жұрт одан иманның шын белгісін көреді. Ардақты

пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде былай дейді: «

Алланың

құлдарының арасында бір топ бар. Олар пайғамбар

да емес, Алла жолында жан тапсырған шейіттер де

емес. Бірақ қиямет күні олардың Алла құзырындағы

орындарын көргенде пайғамбарлар да, шейіттер де

қызыға қарайды

». Сонда қасындағы сахабалар: «Олар

кімдер, бұл дүниеде қандай іспен айналысқан? Біз де

оларды жақсы көріп қалдық», – деді. «

Өзара туыстық

та, дүниелік те байланыс болмастан бір-бірін тек

Алла разылығы үшін жақсы көретіндер. Алланың аты-

мен ант етейін, олардың жүзі нұрға тұнып тұрады.

Нұрдан соғылған мінберлерде отырады. Басқалар

қорыққанда, олар қорықпайды. Жұрттар қайғырғанда,

олар қайғырмайды

» деді де, жоғарыда келтірілген аятты

(«Юнус» сүресі, 62-аят) оқып берді.

Мұндай деңгейге жету үшін нәпсі құмарлықтарынан

арылып, күндіз-түні бір Алланы ғана ойлау керек.

Алланың достары естігенін де, көргенін де, айтқанын

да міндетті түрде Алла тағаламен байланыстырады.

Таңның атуы мен күннің батуынан олар Алланың

құдіретін көреді. Көктемнен де, қыстан да, таудан

да, баудан да, құстың сайрауынан, өзеннің гүрілінен,

жапырақтың сыбдырынан да Алланың шеберлігін

көреді. Айналасының бәрі Алланың құдіреті жазылған