Previous Page  19 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 192 Next Page
Page Background

19

Дін – ғылымның анасы

Бүкіл ғылым атаулы діннен шығатынын, діннен қуат

алатынын, дін арқылы өсіп-өркендеп жетілетінін білген

ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Дін – ғылымның ана-

сы» деп жырлаған.

Жер бетіндегі барша ғылыми-техникалық

жетістіктердің бастауында дін тұрғанын ешкім

жоққа шығара алмайды. Өйткені ең алғашқы білімді

Алла тағала Адам атамызға үйреткен. Қасиетті

Құран кәрімде: «

Алла Адамға (а.с.) бүкіл атаулар-

ды үйретті

» деген аят бар («Бақара» сүресі, 31-аят).

Аят жалғасында Жаратушы иеміздің Адам атамызға

періштелердің білмеген нәрселерін үйреткені айты-

лады. Тәпсіршілер мұндағы «бүкіл атаулар» дегенді

барша материалдық заттар, өсімдіктер, жан-жануарлар,

табиғи құбылыстар, қысқасы, дүниені құрап тұрған

барша нәрселер деп түсіндіреді. Ендеше, Адам ата-

мыз солардың бәрін білетін ғалым болған. Одан соң

бұрынғы барша пайғамбарлар да өз қауымдарына

қажеттіліктеріне қарай әр нәрсенің мәнін түсіндіріп

отырды. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.)

дейін сол пайғамбарлар керуені жалғасып келді. Сүйікті

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қияметке дейінгі сұрақтардың

бәріне қысқа да нұсқа, дәл жауап беріп кетті.

Өзі дүниеден озған соң артына мұра етіп білім

қалдырғанын

«Ғалымдар – пайғамбарлардың

мирасқорлары»

немесе

«Пайғамбарлар артына дүние