Previous Page  18 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 192 Next Page
Page Background

18

Даналық ойдан дән ізде

майды. Бүкіл қазақ осы салаларға кетіп қалса, ғылыммен

кім айналысады, жаңа заманауи технологияларды кім

жасап шығарады? Бұл жайлы бас қатырып отырғандар

көп емес. Қазіргі таңда еліміз жүрегінде иманы бар,

Құран тілін түсіне алатын, заманауи ғылымдарды

да терең меңгерген ғалымдарға аса мұқтаж. Білгенін

өмірде іске асыратын, құрғақ теорияның емес, нәтижелі

істің адамдары халқымызға ауадай, судай қажет. Сонда

ғана ғылымы дамыған өркениетті елдермен тереземіз

теңеседі. Барша жаратылыстың кілті Құранды ұстанған

мұсылман бола тұрып, өзгеге телміріп, өз керегімізді

өзіміз жасай алмай отырғанымыз түсінгенге өкінетіндей-

ақ жағдай.